Түркістан облысында үшем дүниеге келді

662

0

Фото: ашық дереккөз

Сарыағаш ауданының 35 жастағы тұрғыны үш сәбиді дүниеге алып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысының № 1 облыстық перинаталды орталығында үшем дүниеге келді. 1988 жылғы Гүлназ есімді келіншек бір ұл, екі қыз босанды.

Жаңа туған нәрестелерге Марғұлан, Сафия, Самин есімдері берілді.

Олардың салмағы 2260 гр, 1570 гр және 995 гр болды. Мерзімінен ерте дүниеге келген үшем перинаталды орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған.

Қазір балалардың жағдайы бірқалыпты.

Үшем дүниеге келген отбасының екі ұлы бар. Көпбалалы ана сұлулық салонында жұмыс істейді. Ал, әкесі – электрик-монтажшы.

Бұған дейін 2 баласы бар отбасының перзенттері осылайша бірден бесеу болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<