Түркістан облысында жоғалған 5-сынып оқушысының денесі табылды

776

0

Түркістан облысында жоғалып кеткен 11 жастағы қыздың денесі Арыс-Түркістан суармалы арнасынан табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Түркістан облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қыздың мәйітін оқиға орнынан 11 шақырым жерде судан бүгін сағат 10:10-да шығарды.

Еске сала кетсек, 25 наурызда шамамен сағат 17:00-де кәмелет жасына толмаған қыз бала үйінен ойнауға шығып кетіп, қайта оралмаған еді. Інжу Ескермеспен бірге ойнаған көрші қыз екеуінің бірге су ағып жатқан арнаға барып, Інжудің сумен ойнағысы келіп, абайсызда құлап кетіп, одан шыға алмай қалғанын айтқан.

Іздестіру құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД жеке құрамынан 112 адам, 1 квадрокоптер, 7 техника және жедел құтқару жасағынан 5 сүңгуір, 2 жүзу қайығы, 1 техника, полиция департаментінен 20 адам, 4 техника, жергілікті атқарушы органнан 2 адам, 1 техника жұмылдырылды, – делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<