Түркістан қаласының шекарасы кеңейеді – Үкімет қаулысы

501

0

Сауран ауданының жерін қосы есебінен Түркістан қаласының шекарасы кеңейеді. Премьер-Министр Әлихан Смайылов тиісті Үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы қаулының қосымшасына сәйкес, жалпы ауданы 4831,86 гектар Сауран ауданының жерін қосу және жалпы ауданы 4716,29 гектар Түркістан қаласының жерін Сауран ауданының шекарасына қосу арқылы Түркістан қаласының шекарасы өзгертілсін. Бұл туралы мәслихат пен әкімдіктің қаулысына келісім берілсін», – делінген Премьер-Министр Әлихан Смайылов қол қойған Үкімет қаулысында.

Түркістан қаласының шекарасын кеңейтуді көздейтін құжат ресми жарияланғаннан 10 күн өтіп барып, 29 шілдеде күшіне енеді.

Қоса кетсек, бұған дейін Қарағанды қаласының аумағы ұлғаюы мүмкін екенін жазып едік.

Сонымен қатар, Каспий теңізі акваториясының бастапқы сызығы арасындағы жерді қосу есебінен Маңғыстау облысының шекарасы кеңейтілген болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<