Түркістанда 35 мыңнан астам абонент жарықсыз қалды

571

0

Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында 35 мыңнан астам абонент жарықсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарлы боран салдарынан бірнеше ауылда электр желілері үзіліп, істен шықты. Таңертеңнен бері Түркістан қалалық 109 бірыңғай байланыс орталығына электр жарығын қайта жағу мәселесімен 518 абонет хабарласқан. Созақ, Отырар, Сауран аудандарында 35 000 астам абонент жарықсыз қалды.

Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аймақ басшысы Дархан Сатыбалдының тікелей қадағалауымен жағдайды реттеуге барлық құрылымдар жұмылдырылған. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Облыстың басқа елді мекендерінде электр энергиясы штаттық режимде беріліп тұр.

Қатты дауыл әлі де жалғасады деген болжам бар. Осыған орай, облыстық төтенше жағдайлар қызметі шұғыл шаралар қабылдап, күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Тұрғындарға алыс сапарға шықпау қажеттігі ескертілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<