Түркістанда корейлік Woosong университетінің филиалы ашылады

191

0

Фото: Министерство науки и высшего образования Республики Казахстан

Түркістанда корейлік Woosong университетінің филиалы ашылады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.

«Бүгін бірнеше келісімге қол қойылады. Біріншісі – Сеул ғылым және технология ұлттық университеті Қызылордадағы Қорқыт ата өңірлік университетінің базасында бірлескен бағдарлама мен жасандық интеллект мектебін ашты. Үш бағдарлама іске қосылады: жасанды интеллект, компьютерлік инжиниринг және киберқауіпсіздік. Дәрістер ағылшын және корей тілдерінде өтеді. Үздік оқытушылар келеді. Бұл жасанды интеллект жөніндегі ұлттық жоба аясында өте өзекті», – деді Саясат Нұрбек Ақордада.

Оның атап өтінше, отандық зерттеушілерге «Болашақ» және басқа да бағдарламалар аясында Кореяның үздік университеттері мен зертханаларында білім алуға және зерттеулермен айналысуға мүмкіндік беріледі. Корея университеттері де Қазақстан жастарына білім гранттарын ұсынуға дайын.

«Woosong университеті келесі жылы Түркістан қаласында компьютерлік инженерия, киберқауіпсіздік салаларына қатысты үлкен филиал ашады. Неліктен Түркістанды таңдадық? Өйткені ол халық саны тез өсіп келе жатқан қала, орташа жас – 27 жас. Аталған университеттің Қазақстандағы филиалының түлектері тікелей Коереяға барып жұмыс істеуге мүмкіндіктері болады. Жұмыс визалары беріледі», – деді ол.

Айта кетейік, бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға үшкүндік мемлекеттік сапармен келген Оңтүстік Корея Президенті Юн Сок Ёльді қарсы алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<