Түркістанда қалалық жағажай ашылды

369

0

Жағажайға Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев келіп, қала тұрғындарын құттықтап, жаңа ұжымға табыс тіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Туристік-реакциялық орталықтың ашылу салтанатына өңірден, Шымкенттен және еліміздің басқа қалаларынан туристер келді. Сондай-ақ балаларға түрлі ойын ұйымдастырылды.

Жаңа нысан туризмді дамытуға ғана емес, Түркістан аумағын көгалдандыруға және климаттық жағдайларды жақсартуға да ықпал етеді.

Еске салайық, жағажай құрылысы 2020 жылдың қарашасында басталды. Жалпы ауданы – 81 гектар, ал су сыйымдылығы – шамамен 2,5 миллион текше метр.

Көктемгі суды қабылдайтын және оны өткізетін арналар да дайын. Жағажайда емдік қасиеттері бар құм төселіп, ағаштар отырғызылған. Жаңа туристік нысанға апаратын жолдың сапасы жоғары деңгейде. Жақын арада балалар демалыс аймағын, элиталық коттедждер, қонақүйлер, аквапарк салу жоспарланып отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<