Түркістандық дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алды

312

0

Фото: Түркістан облысы ДСБ

Түркістан облыстық клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері күрделі операция жасап, 7 жасар баланың бауыр тұсынан бір уыс құртты алып шықты.

Науқастанған жасөспірім Сарыағаш аудандық орталық ауруханасынан Түркістан облыстық балалар ауруханасына жедел түрде ауыстырылған.

Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері пациентті рентген, компьютерлік томографиялық, ультрадыбыстық зерттеуден өткізіп, толық тексеру жасаған.

Содан хирург, бас дәрігердің орынбасары Сұлтанғали Маутайұлы бастаған дәрігерлер командасы 7 жасар балаға күрделі отаны сәтті жасап шықты.

Операция кезінде жасөспірімнің бауыр тұсынан 15-16 сантиметрге жеткен 9 эхинакокты киста алды.

«Білікті мамандар ота алдында екі күн бойы науқасты дайындап, денсаулығын бақылап отырды. Қазіргі таңда жағдайы жақсы. 18-ші мамыр күні бала ауруханадан үйіне жіберілді. Аталған ауру ит, мысық және төрт түлік малдан жұғуы мүмкін. Сонымен қатар, дұрыс пісірілмеген ауру малдың еті де адам денсаулығына қауіп төндіреді», – дейді дәрігерлер.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<