Түркістандық екеу Жаңақорған мешіттеріне ұрлыққа түскен

765

0

Наурыздың 19-нан 20-на қараған түні Жаңақорған ауданында бірнеше ауыл мешіттеріне ұры түсті. Олар түнде терезе арқылы кіріп, мешіттердегі жәшіктерді бұзып, жалпы сомасы 154 мың теңге ақшаны алып кеткен. Бұл туралы мешіттердің имамдары Жаңақорған аудандық полиция бөліміне хабарлады.

Хабарлама бойынша оқиға орындарына жедел тергеу топтары жіберіліп, іздестіру шаралары жүргізілді. Атқарылған шаралардың нәтижесінде күдікті екі азамат анықталып, ұсталды. Күдіктілер ағайынды 32 және 26 жастағы Түркістан облысының тұрғындары екені белгілі болды. Олар жасаған қылмыстарын мойындап, ұрлаған ақшаларды өз қажеттіліктеріне жұмсап жібергені анықталды. Қазіргі таңда күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармақшасына сәйкес (тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.  Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<