Бүгін «Silk Road Fest» автошеруі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Түркістаннан басталған автосаяхат Өзбекстан мен Қырғызстанда жалғасады. Сегіз жол талғамайтын автокөлікке мінген саяхатшылар 3 мемлекеттегі 7 қаланы аралайды. Жалпы 8 күнде 3000 шақырым жол жүрмек.
Іс-шараға Қазақстан автомото туризм қауымдастығының басшысы Абдуғали Абдуали және Өзбекстан автомото туризм ассоциациясының төрағасы Отабек Олижонов арнайы келіп қатысты.
«Бүгін жол жүреміз. Құрамымызда Алматыдан келген 3 көлік, Өзбекстаннан 2 көлік, Кентау мен Астанадан бір көліктен бар. Бізге Өзбекстан мен Қырғызстаннан тағы саяхатшылар қосылады. Автошерудің басты мақсаты Түркістанды таныстыру. Туризді насихаттау. Баршамыз бірге шеруді Ыстық көлде қорытындылаймыз» – деді Абдуғали Абдуали.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<