Түрмеге есірткі тасып жүрген көгершін ұсталды

2200

0

Оқиға Перудегі Уанкайо қаласындағы абақтыда болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көгершін жауыннан кейін түрме ауласында пайда болған шалшықтан су ішпек болып қонады. Осы кезде күзешілер оның мойнына бір ілінген затты байқап қалады. Құсты ұстап алып тексере келгенде шағын қаптың ішінен 30 грамм марихуана шығады. Қазір полиция құстың қожайынын іздеп жатыр.

Эдвард Диас, Перу полициясы қоғамдық тәртіп және ұлттық қауіпсіздік бөлімінің басшысы:

– Көгершіннің мойнына есірткі көтере алатындай мөлшерде ілінген. Біз құс есірткіні түрмедегі сотталғандардың біріне тасып жүрген деп ойлаймыз. Қазір тергеу жүріп жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<