13.07.2022 жылы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлеріне шұғыл ақпарат түскен. Мекеме аймағында жүрген 2 азамат қызметкерлерге күдік тудырған. Мекеме қызметкерлері жедел түрде 102 нөміріне хабарлап, мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды.
Ұсталған азаматтың бірін тексеру барысында скотчпен оралған заттан бес дана ұялы телефон, үшдана қуаттағыш құрылғысы және екінші күдікті ер адамның сөмкесінен пластикалық бөтелкеге жасырылған тағы бес дана телефон, үш дана қуаттағыш пен екі дана құлаққап тәркіленіп алынды.
Аталған дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481 бабына сәйкес екі азаматтың іс –құжаттары процессуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда қалалық әкімшілік сотына жолданды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<