Тұман, найзағай: 11 өңірде ескерту жарияланды

459

0

«Қазгидромет» РМК 11 мамырға арналған ауа райына болжам жасап, бірнеше өңірде ескерту жариялады деп хабарлады turkystan.kz.

Атап айтқанда, Ақмола облысының солтүстігінде, батысы мен оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады. Желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі.

Түнде Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде, күндіз өңірдің басым бөлігінде найзағай болжанады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Астана қаласында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Түнде өңірдің оңтүстігінде, күндіз шығысында – найзағай, батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігі мен орталығында 15-20 м/с күшпен жел соғады.

Қостанай облысының оңтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі. Өңірдің батысы мен солтүстігін тұман басады. Желдің екпіні – 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с құрайды.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігі мен батысында тұман болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<