Тұрақты жұмыс – әлеумет тірегі

79

0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Әлеуметтік сала реформаларының басты мақсаты – халықтың тұрмыс жағдайын, өмір сүру сапасын арттыру. Оның жұмыс нәтижесі де халықтың әл-ауқаты мен әлеуметтік жағдайының тұрақталуымен өлшенеді. Аймақта бұл бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар мен жобалар аз емес. Атқарылған істердің нәтижесінде халықты тұрақты жұмысқа орналастыру бойынша республикада алдыңғы орындардан көрініп келеді.

Кейінгі жылдары облыста «Өңір­лік­ жұмыспен қамту» картасы шең­бе­­рінде 124758 адам жұмыспен қам­­тылды. Соның ішінде «10 мың ха­лық­қа 100 жаңа жұмыс орнын құру» Мем­­ле­кет бас­шысының тапсырмасына сәйкес 50347 адам тұрақты жұмысқа орна­ласты.

Кейінгі уақытта жұмыссыздық дең­гейі жұмыс күшіне қарағанда 4,9-дан 4,5 пайызға дейін, жастар арасындағы жұмыссыздық 4-тен 3,4 пайызға дейін төмендеді. Сонымен қатар 8065 осал топтағыларға «мемлекеттік қайта­рым­сыз грант» беріліп, олар жеке кәсі­бін ашты. Жастарға да кәсіп ашуға мүм­кіндік көп. Мәселен, 2023 жылы жеңіл­детілген 2,5 пайызбен несие беріліп, 492 жас өз кәсібін ашуға мүмкіндік алған.

Қазір атаулы әлеуметтік көмек шын мұқтаждарға ғана беріледі. Мем­лекет басшысы биыл да Үкіметтің ке­ңейтілген отырысында мемлекет та­ра­пынан берілетін әлеуметтік көмек шын мұқтаждарға жетуін баса айтқан еді. Соның нәтижесінде кейінгі төрт жылда көмек алушының саны 13747 отбасынан 4468 отбасыға немесе 3 есеге азайды.

2022 жылдан бастап мүгедектігі бар адамдар мен балаларды әлеумет­тік қолдауға арналған, оның ішінде олар­дың қатысуымен спорт жарыстары, фестиваль, кино, музей, театр әлеміне, тарихи орындарға саяхат жасау, «3 жел­тоқсан Халықаралық мүгедектер күнін» атап өту шараларына бағыт­талған әлеуметтік маңызы бар жоба іске асырылуда. Ал 2023 жылдан бас­тап санаторий-курорттық емделу қыз­метіне оңалтудың жеке бағдар­ламасы әзірленген бірінші топтағы мү­ге­дектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында жағдай жасау мақса­тында жылына бір рет оларға ілесіп жүрушінің шығындары өтелетін бол­ды. 2024 жылы алғаш рет облыс бо­йынша барлық санаттағы мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар ба­лаларға әрқайсысына 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде Ұлттық мереке – 25 қазан Республика күніне орай бір реттік әлеуметтік көмек берілуде.

2024 жылы «Халық банк» акцио­нерлік қоғамы тарапынан банктің жүз жылдығына арналған «100 игі іс» нау­қаны аясында Қызылорда және Бай­қоңыр қалаларына мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауға әрқай­сы­сы­ның құны 23,0 млн теңге тұратын ар­найы 2 инватакси көлігі сыйға тар­тылды. 2025 жылы «INTERTASCO» ЖШС Қызылорда қала­сына мүге­дек­тігі бар адамдарды тасы­мал­­дауға ар­найы инватакси көлігін сыйға тартты.

«Үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы облыс­та 2024 жылдан бастап арнаулы әлеу­мет­тік қызметтер көрсету балалар ор­та­лығы базасында іске қосылды. Жоба аясында «Қазақстан халқына» қо­ғамдық қоры тарапынан 283 млн теңгеге 95 дана оңалту құралы алынды. Кейінгі төрт жылда 10,4 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді.

Айсәуле ҚАРАПАЕВА,

«Сыр бойы»