Тұрғын үйден өрт шықты

593

0

Сурет: ашық дереккөз

Бүгін Қазалы ауданында тұрғын үйден өрт шықты. Бұл туралы Қазалы ауданы әкімдігі өзінің «Facebook» парақшасында жариялады.

«Бүгін сағат 12:18 шамасында Әйтеке би кенті, Ж.Аймауытов көшесі №21 үйден өрт шықты. Тілсіз жау салдарынан бір адамды 80% күйік шалып, аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды», – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі және шығыны анықталуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<