Қарағанды қаласындағы 16 қабатты тұрғын үйдің 8-ші қабатында газ жарылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қарағандыда төтенше жағдай орын алды. 16 қабатты тұрғын үйдің 8-ші қабатында газ жарылды.
Құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Апат орнына облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев барды.
«Оқиға орнына Қарағанды облысы ТЖД, Жедел-құтқару жасағының, Апаттар медицинасы орталығының 50 адамы мен 12 бірлік техника жіберілді», деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Жалын сағат 22:37-де оқшауланды. Алдын ала ақпарат бойынша, жарылыс болған пәтерде үш адамның денесі табылды. Тағы бір жәбірленуші ауруханаға жатқызылды.
Эвакуацияланған тұрғындарды жылыту үшін облыстық Төтенше жағдайлар департаменті 3 вахталық автобус жіберді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<