Тұрғын үйлердің құрылысын бақылады

186

0

Фото: Қала әкімдігі

Қала әкімі Нұржан Ахатов бірқатар құрылыс нысандарын аралап, ондағы жұмыс барысымен танысты, деп хабарлады Syrboyi.kz.

Алдымен «Тұрғын үй құрылысы» бағдарламасы аясында Сырдария өзенінің сол жағалауынан салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысын көрді. Бұл тұрғын үйлер осы жылы әлеуметтік жағынан осал топтарға беріледі деп күтілуде.

Аралау барысында шаһар басшысы жауапты сала өкілдеріне нысандардағы жұмысты мерзiмiнде және сапалы аяқтауды тапсырды.

Жалпы, Қызылорда қаласында халықты баспанамен қамту көрсеткіші артып келеді. Өткен жылы облыс әкімінің қолдауымен тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында өңірімізде алғаш рет осы мөлтек ауданнан 504 пәтерді құрайтын 7 қабатты 6 тұрғын үй пайдалануға берілді. Қазір 7 қабатты 84 пәтерлі 10 тұрғын үйдің жоба-сметалық құжаттары дайын, көпқабатты 50 пәтерлі 12 тұрғын үйдің құжаттары әзірленуде. Жақын күндері құрылыс жұмыстары бастау алады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<