Тұрғындар басқарма басшысына өз өтініштерін білдірді

6

0

Фото: Amanat Қызылорда облысы

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ғалымжан Еркебай партия алаңында кестеге сай қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында «Қорқыт ата» университетінде экология мамандығы бойынша білім алып жатқан студент облыстағы коммуналдық меншіктегі каналдардың механикалық тазалануы мен бетондау жұмыстарының қазіргі жай-күйі туралы сұрады.

Аталған мәселеге байланысты басқарма басшысы облыс аумағында жалпы ұзындығы 16 мың шақырымды құрайтын каналдар бар екенін айтып, қазіргі таңда Қазалы ауданында және Қызылорда қаласында каналдарды бетондау жұмыстары басталғанын, алдағы уақытта бұл жұмыстар барлық аудандарда кезең-кезеңімен жалғасатынын жеткізді. Сонымен қатар каналдарды механикалық тазалау жұмыстары да қатар жүргізілетіндігін және биыл су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында тамшылатып суару әдісімен өсірілетін дақылдардың көлемін арттыру жоспарланып отырғандығын атап өтті.

Келесі аяқсу жеткізу мүмкіндігін қарастыру туралы тұрғынның өтінішіне қолданыстағы заңнамалар аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.