Тұрғындар тілегі бойынша тақырыптық қабылдау өткізілді

686

0

Фото: Аманат партиясы

Бүгін партия алаңында Қызылорда қаласының КБИ мөлтек ауданында орналасқан екі қабатты көппәтерлі үйлердің және Қорқыт ата 16, 18 көшелері тұрғындарының өтініштері бойынша тақырыптық қабылдау ұйымдастырылды.

Қабылдауға партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы, қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай, аталған аумаққа жауапты мәслихат депутаты Әбдіғабит Әбләзім және құзырлы органдар өкілдері қатыстырылды.

Осыған дейін аталған мекен-жай тұрғындарының тілегіі бойынша Партиялық бақылау комиссиясы мәселенің мән-жайын көзбен көріп,жан-жақты зерттеу жүргізген болатын.

Осы орайда тақырыптық қабылдау барысында Тәуелсіздікке 20 жыл көшесіндегі 33 үй тұрғындары тарапынан кәріз жүйесін орталықтандырылған жүйеге қосу, балаларға ойын алаңын салып беру мәселесі көтерілсе, Қорқыт ата 16 және 18 көшесіне талапқа сай электр желісін жүргізу мәселелері қаралды.

Кәріз жүйесіне қатысты мәселе оң шешімін табатын болды. Сондай-ақ электр желісі бойынша тиісті ұсыныс беріліп, бюджеттік өтінім жасауға қажетті алғышарттар басталғаны айтылды.

Аталған мәселелер шешімін тапқанша партияның жіті бақылауында болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<