Тұрғындар тілегі ескерусіз қалмайды

18

0

Фото: Қазалы ауданы

Бұған дейін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кентіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің жағдайымен танысу барысында тұрғындар тарапынан бірнеше мәселелер көтерілген болатын. Бүгінде тұрғындар айтқан мәселелер кезең-кезеңімен оң шешімін тауып келеді.

Мәселен, Әйтеке би кентіндегі Желтоқсан көшесіндегі №42-ші көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары аудан әкіміне үйдің шатырынан үнемі су кететінін, сыртқы келбеті әбден ескіргендігі жөнінде айтқан болатын. Аталған мәселе дер кезінде назарға алынып, қазіргі таңда тұрғын үйдің шатыр жабындысын ауыстыру, сыртқы әрлеу жұмыстары басталып кетті.

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы Желтоқсан 42-ші көпқабатты тұрғын үйге барып, ондағы жұмыстардың сапасын бақылады. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жасұлан Сыдықовқа белгіленген жұмыстары сапалы етіп орындауды, ал тұрғын үй аумағындағы орталықтандырылған жылу жүйесінің құбырларының сыртқы келбетін қайта жаңартуды тапсырды. Әйтеке би кентінің әкімі Әліби Әбиевке тұрғын үйдің әжетхана мәселесін де жедел шешуді ескертті.

Көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары өтініштерін ескерусіз қалдырмаған аудан басшысы мен азаматтарға ризашылықтарын жеткізуде.

Айта кету керек, алдағы уақытта тұрғындардың өтінішіне сәйкес Әйтеке би кентіндегі Жанқожа батыр көшесіндегі №113 және Қ.Пірміов көшесіндегі №9-шы көпқабатты тұрғын үйлердің де шатырын ауыстыру, сәулеттік келбет қалыптастыру мақсатында тұрғын үйлердің қасбеттерін қаптау, жалпы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Қазалы ауданы әкімдігі