Туристер әлемдегі ең жақсы аралды атады

377

0

Туристер әлемдегі ең жақсы аралды атады Әлемдегі ең жақсы арал – Индонезиядағы Ява аралы, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі moya-planeta.ru сайтына сілтеме жасап.

Саяхатшылар ең жақсы аралдар қатарына индонезиялық Ява, Бали және Ломбок аралдарын, сондай-ақ Мальдиви мен Жаңа Зеландиядағы Уаихеке аралдарын атады.

Travel & Leisure басылымы жүргізген сауалнама бойынша, туристер ең жақсы арал ретінде Индонезиядағы Ява аралын белгілеген.

Сауалнамаға қатысушылар ол аралдағы сарқырамаға, жанартауға және ақ құмды жағалауларына тамсанатындарын айтқан. Сондай-ақ, туристер аралдағы байырғы шіркеулер мен қонақүйлердің қызмет көрсету сапасы жақсы екенін айтқан.

Үздік 3 аралға Индонезиядағы басқа да аралдар кірген. Рейтинг бойынша екінші орында Бали, ал үшінші орында Ломбок аралы тұр.

Одан кейінгі орында Мальдиви мен Уаихеке аралдары тұр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<