Туризм саласындағы тұңғыш ұлттық сыйлық

341

0

Туризм саласындағы тұңғыш ұлттық сыйлық «Kazakh Tourism» АҚ ұлттық компаниясы туризмнің барлық саласын қамтитын  «NATIONAL TOURISM AWARDS-2018» сыйлығын жариялады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Туризм саласындағы ұлттық байқау сала индустриясын дамытудағы жетістіктері үшін берілетін марапат ретінде тағайындалды. Мақсаты – еліміздің ішкі және сыртқы туризмі саласындағы ең табысты жобаларды, турөнімдер мен үздік туроператорларды анықтау. Сондай-ақ, салаға инвестиция тарту мен туристік өнімдердің бірыңғай ақпараттық базасын құру. Байқауға қатысуға туризм саласына қатысты ұйымдар мен оның өкілдері шақырылады. 17 арнайы және 2 қосымша номинациядан тұратын байқауға өтінім 2018 жылдың 10 қарашасына дейін қабылданады, ал 19-28 қараша аралығында онлайн дауыс беру жүргізіледі. Марапаттау рәсімі осы жылдың 8 желтоқсанында Астанада өтеді.
«NATIONAL TOURISM AWARDS-2018» байқауының номинациялары:
– «Жылдың үздік жобасы» (фестивальдер, байқаулар, көрмелер, концерттер, карнавалдар, соның ішінде балаларға арналған);
– «Үздік туристік компания»;
 – «Шетелдік туристер үшін үздік туристік өнім»;
– «Отандық туристер үшін үздік туристік өнім»;
– «Үздік гид-экскурсия жүргізушісі»;
– «Үздік бизнес қонақ үй»;
 – «Туристер үшін үздік қонақ үй» (ұсынылатын қызметтер тізіміне сәйкес);
 – «Үздік аймақтық қонақ үй»;
– «Үздік шипажай» (қызмет көрсетуі, тазалығы, қызметкерлер құрамы);
– «Үздік хостел»;
– «Балалар мен жастарға арналған үздік туристік жоба»;
«Туризм саласындағы үздік идея» (бұрын іске асырылмаған);
 – «Туризм туралы үздік Instagram парақша»;
– «Жылдың Travel фотографы»;
 – «Қазақстан туризмі туралы үздік мақала»;
– «Туризм тақырыбындағы үздік TV жоба»;
– «Туризм бойынша үздік интернет жоба».
Қосымша номинациялар:
 – «Туризмге қосқан үлесі үшін»;
– «Қазақстан туризмін дәріптеуге қосқан үлесі үшін».
Байқауға өтінім мен оған қатысты толық мәліметті www.tourismawards.kz сайтынан білуге болады.