Тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсететін агрессорлар еліміздің қай өңірінде басым

378

0

Сурет: wikimedia

2023 жылы Қазақстанның дағдарыс орталықтарына тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 4 мыңнан астам құрбаны жүгінді. Ең көбі – Астанадан, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі «отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» арнайы баяндама жасады. Ақпаратқа сүйенсек, 2023 жылы Дағдарыс орталықтарына 4 мыңнан астам адам жүгінді. Оның ішінде 3 мыңнан астамы медициналық көмек алып, 1 мыңға жуығы жұмысқа орналастырылып, құжаттар алды.

«2023 жылы дағдарыс орталықтарына көмек сұраған адамдардың саны 4386 құрады. Аталған кезеңде көмек сұрағандардың көбі Астанада – 510, Алматыда – 410, Шымкентте – 358 және Қызылорда облысында – 331. Ал, көрсеткіш төмен көрсеткен өңірлер қатарында Шығыс Қазақстан облысы – 90, Маңғыстау облысы – 60 және Солтүстік Қазақстан облысында – 31 адам», – делінген баяндамада.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларының санын және арнайы әлеуметтік қызметтерді алған адамдардың санын салыстыра отырып, құрбандардың басым көпшілігі қажетті көмек ала алмайды деген қорытындыға келеді.

«Тұрмыстық зорлық – зомбылық құрбандары көбінесе құқық қорғау органдарына жүгінбейді, демек, зардап шеккендер ретінде анықталмайды және нәтижесінде арнайы әлеуметтік қызметтерге қол жеткізе алмайды», – деді ол.

Осы бағыттағы үш негізгі мәселе:

  • оқиғадан кейін зардап шеккендермен жұмыс;
  • дағдарыс орталықтары желісінің кейбір аймақтарындағы дамымауы;
  • зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі үшін орталықтардың қол жетімсіздігі.

Баяндамада тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары туралы ғана емес, құқық бұзушыларды қайта әлеуметтендіру туралы да айтылады.

«Қазіргі уақытта дағдарыс орталықтары тек тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қызмет көрсетеді. Агрессорлармен жұмыс-олармен психокоррекциялық курс өткізу-әлі заңмен шешілген жоқ. Ал бұл мәселемен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар осы бағыт бойынша қаржыландырылмайды», – делінген баяндамада.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша, ел бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтерді 46 дағдарыс орталығы көрсетеді, оның 15 – і мемлекеттік, 31 – і мемлекеттік емес. 2022 жылы мұндай орталықтардың саны 42 болған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<