Тұтқындалған Қайрат Нұртасқа келіні жылы лебізін білдіріп, әсерлі жазба қалдырды

1512

0

Сурет: Instagram/sarkenova.aigerim

Танымал әншінің блогер келіні Әйгерім Саркенова шілде айының басында ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамауға алынған қайын ағасына арнап, мұрағаттық бейнені жүктеп, әсерлі жазба қалдырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Блогердің айтуынша, қоғамдық орындарда оны танып жатқан адамдар қолдау көрсетіп келіп ізгі лебіздерін білдіріп жатады.

«Мен бәріне ризашылықпен жауап беремін, бұл басымызға түскен тағы бір сынақ, тіпті елеуге де келмейді. Мен өзім куә болған жеті жыл ішінде көптеген ауыр, әділетсіз жағдайлар болды, сол кездерде ағаның кез келген сынаққа төтеп бере алатындығына көзім жеткен. Алайда, ата-аналарымыз көбірек уайымдауда. Сондай-ақ, елімізде мойындауға қол жеткізу оңай еместігін, қиын жол екендігін түсіндім. Ол барлық тосқауылдарға қарамастан, өзінің кім екендігін дәлелдеп келеді», – деп жазды Әйгерім Саркенова Instagram-да.

Оқырмандарына Әйгерім Саркенованың даналығы әсер етті. Олар Қайрат Нұртастың жағдайы жақсы болатынына сендірді:

  • Айгерім – өте ақылды, білімді, парасатты қыз, жар, келін. Өзіндік үні бар, керемет қалыптасқан тұлға. Бәріне ақылмен жеткен, өзіндік орны бар, өзін сыйлата біледі, өзгені де сыйлай алады.
  • Қайрат мықты әнші,өз басым жақсы көремін и әр кез қолдаймын.Ер жігіттің басына не келмейді бұл да бір кезекті сынақ, Алла жар болсын.
  • Келіні өте ақылды екен. Ағаң аман жүрсін
  • Жарайсың, міне ақылды келін, көргенді жердің қызы. Бір сынақтың артында екі еселенген жақсылық бар. Құдай қаласа бәрі жақсы болады.
  • Міне, отбасына әбден сіңген келін
  • Алтын бала ғой Қайратжан, аман болсын!… Аяғынан шалғандар оларда шалынар бір күні….

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<