Туған жердің гүлденуіне үлес қосқан азамат 63 жаста

414

0

Бүгін саналы ғұмырының көп бөлігін Қазалы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына арнап, ауданның өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқан Дәулетбек Тұяқбаев 63 жасқа толды.

Осыған орай аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Дәулетбек Махамбетұлын арнайы қабылдап, мерейтой иесін зейнет демалысына шығарып салды.

– Әр жылдары Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының әкімі, Қазалы ауданы орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі мен «РЗА-АГРО» ЖШС-нің директоры сияқты жауапты қызметтерді атқарып, еңбекқорлығыңыздың арқасында халықтың ыстық ықыласына бөлендіңіз. Бүгінде еңбек жолыңыздың соңғы кезеңдерін «Қазалы Көркем Сервис» ЖШС-нің директоры қызметін атқарып, туған жердің тазалығы үшін аянбай еңбек еттіңіз, – деген Мұхтар Әуесұлы туған күн иесіне қазақы дәстүрге сай иығына шапан жауып, Қазалы ауданының «Құрмет» грамотасын табыстады.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<