Туризмді дамытудағы түйткілдер талқыланды

4

0

Фото: Үкімет

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде туризмді дамыту, 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру мәселелері қаралды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты.

Аймақта туристерге қолайлы жағдай жасау үшін жүйелі жұмыс жүргізілуде. Өткен жылдың қоры­тындысымен облысқа 157 500 турист келіп, 35 пайыз өсім қалыптасты. Қызмет көрсету көлемі 2 млрд 441 млн теңге болып, 57,6 пайызға артты.

Қайта жаңғыртудан өткен темір­жол вокзалының, «Қорқыт ата әуе­жайының» ішінен туристерге ақ­парат беретін виртуалды карта әзірленіп, QR кодтар қойылды. Жаңа­дан ашылған заманауи үлгідегі музейде экскурсияға келушілерге тарихи деректер жан-жақты таныстырылады.

Облыстағы демалыс парктері жаңартылып, туристерге қолайлы және қауіпсіз қызмет көрсетіледі. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақ­сатында халық көп шоғырланатын орындарда «102», «SOS» арнайы дабыл батырмасының 15 құрылғысы орнатылды.

Туристік инфрақұрылымды дамы­ту үшін Rixos және Pana Hotel қонақүй желілері салынуда. Аудан орта­лық­тарындағы теміржол вокзалдары қайта жаңғыртылуда.

«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылатын іс-шараларға жергілікті бюд­жеттен 30 млрд теңгеден астам қаржы бөлу жоспар­ланған. Бүгінде жоспардағы жұмыстар басталды. Ба­­ла­лардың құқықтарын қорғау саласында отбасы­лық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөнін­дегі мамандандырылған бөлімшелер құрылды. «Отбасына көмек көрсетудің бірыңғай орталығы» ашыл­­ды. Қызылорда қаласы мен барлық ауданда 8 «Отбасын қолдау орталығы» құрылып, жұмыс жасауда.

Жетім және ата-анасының қамқор­лығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың материалдық-техникалық ба­засы жаңғыртылып, қызметтік авто­көліктері 100 пайыз жаңартылды.

Білім беру ұйымдарына 100 пайыз бейнебақылау камералары орнатылып, жасанды интеллект техно­логияларын енгізу мақсатында 480 млн теңге қаржы бөлінбек. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландыру көлемі жыл сайын 50 пайызға ұлғайып келеді.

Балалардың мүмкіндіктерін ерте анықтау, сапалы оңалту арқылы толық­қанды өмір сүруге бейімдеу үшін білім саласында 3 оңалту орталығы ашылды. Ден­саулық сақтау саласында да 2022 жылдан бері 3 оңалту орталығының жұмысы жолға қойылған.