Тұңғыш Президент күніне арналады

286

0

    1 желтоқсан –Тұңғыш Президент күніне орай «Ақмешіт» музейінде «Елдіктің кепілі – Елбасы» атты фотокөрме ұйымдастырылып, тақырыптық экскурсиялар жүргізілуде. 

Елбасының өмір мен еңбек жолы жайлы сыр шертетін фотосуреттер қойылған көрмеде Қазақстанның сыртқы, ішкі саясаттағы жетістіктері, сондай-ақ Елбасының шешуші сәтте мемлекет басына келіп, шексіз ұлтжандылықпен рух биіктігін көрсетіп, халқымыз үшін жасаған зор еңбегі туралы айтылды. Елбасының ел тағдыры жолында жасаған қызметтерін, ел басқарудағы көрегендік қабілетін, өнегелі өмірін жастарға үлгі ету, өскелең жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім ұялату мақсатындағы аталмыш көрме  музейге келушілерге таныстырылуда. Көрме 5 желтоқсанға дейін жалғасын табады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<