Тұңғыш Президент күніне орай мерекелік отшашу болады

249

0

Тұңғыш Президент күніне орай елордада мерекелік отшашу болады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.
«Отшашуды қала тұрғындары мен қонақтары Есіл өзенінің жағалауында (Сарыарқа ауданы, Орталық саябақ), Хан-шатыр сауда орталығы маңында, сондай-ақ Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесі қиылысында тамашалай алады» делінген хабарламада. Отшашу жергілікті уақытпен кешкі сағат 21:00-де ұйымдастырылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<