Төтенше жағдайлар министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауабында өрт сөндіру қызметінің меншігінде неше техника бар екенін мәлім етті.
«Еліміздің өрт сөндіру қызметі 3 мыңнан астам әртүрлі авариялық-құтқару техникасымен, сондай-ақ өрт сөндіруге қажетті барлық құралдармен жабдықталған», – деп жазылған министрлік мәліметінде.
Ведомствоның ақпараты бойынша, министрліктің өртке қарсы қызметі қажетті жабдықтармен 87% жарақталған.
«Тікұшақтар ТЖМ-ның ведомстволық бағынысты ұйымының балансында, олардың саны – 30-дан астам бірлік. Арнайы киім-кешектер мен техникалар сатып алуға қаражат ТЖМ жылдық бюджеттік өтініміне сәйкес республикалық бюджеттік комиссияның шешімімен бөлінеді», – делінген жауапта.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<