Қызылорда қаласының Бөкейхан көшесіндегі ескі ауыз су құбырына жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 9 қазан күні сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін Көшербаев көшесінен К.Яссауи көшесіне дейін, Бөкейхан көшесінде және «Шұғыла» мөлтек ауданы №1а, №7 а көпқабатты тұрғын үйлерінің тұтынушыларына ауыз су беру уақытша тоқтатылады.
Осыған байланысты «Қызылорда су жүйесі» МКК әкімшілігі тұрғындарға қажетті ауыз су көлемін жинап алуын және атқарылатын жұмыстарға түсінікпен қарауын сұрайды.





