ҰБТ-дан ең жоғары ұпайды ауыл мектебінің түлектері жинаған

1594

0

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 315 мың рет тест тапсырылды. Оның ішінде талапкерлердің 77% — қазақ тілінде, 23% — орыс тілінде, 200-ден астам адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті. 

ҰБТ басталғалы шекті балды 78% талапкер жинады.

Орташа балл — 70.

Ең жоғары балл — 140. Оны ҰБТ алтыншы аптасында Алматы облысының түлегі Жаннұр Еңсебек жинады.

139 балды 2 тестіленуші: Шығыс Қазақстан облысының түлегі Аяужан Мұратова мен Қызылорда облысының түлегі Нұрболат Жұбатқан жинады.

Атап өтсек, аталған үш талапкер — ауыл мектебінің түлегі.

6 бала — 138 балл, 20 бала — 137 балл жинаған.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға жеті аптаның ішінде 639 талапкер қатысты.

Бүгінгі таңда 596 ереже бұзу фактісі анықталған.

Оның ішінде 375 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды.

Тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін аудиториядан 179 адам шығарылып, олардың нәтижесі жойылды.

Бейнежазбаны тексеруден соң ереже бұзған 42 адамның нәтижесі жойылды.

Бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

Айта кетсек, 2024 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбасына талдау жасалады.

Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ереже бұзу фактілері анықталған жағдайда талапкердің ҰБТ нәтижесі жойылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<