ҰБТ қарсаңында ата-анасы жазған хатты оқыған түлектер көзіне жас алды (видео)

1048

0

Әлеуметтік желіде түлектердің жантебірентер видеосы тарады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео Graduates TikTok парақшасында жарияланып, 776 мың қаралым, 111 мың лайк жинаған.

Кадрда ҰБТ тапсыруға дайындалып отырған бір топ түлекке ата-аналары хат жолдаған. Оны оқып отырған оқушылар көздеріне еріксіз жас алған. Бұл Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі екен. Оқу ордасында бұл үрдіс жылдағы дәстүрге айналған. 

Желі қолданушылары абитуренттерді қолдап түрлі пікір қалдырған. 

«Менде жылаушы едім» , «Бұйырмаған бақыт», «Тіпті жігіттер де жылап отыр», «Мен де әбден жыладым, ұлымда 2 жылдан кейін мектеп бітіреді», «Дұрыс күшті екен», «Уайымдамаңдар әлі талай биікті бағындырасыңдар», «ҰБТ мен өмір тоқтап қалмайды», – деп жазды олар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<