ҮЕҰ үшін мемлекеттік гранттарға қазақ тіліндегі өтініштердің үлесі артты

626

0

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығында 2021 жылдың 4 маусымында жарияланған ҮЕҰ-ға мемлекеттік гранттарды беру конкурсына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдын ала қорытынды бойынша, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы 67 үкіметтік емес ұйымнан 111 өтінім келіп түсті.

Атап айтқанда, мемлекеттік тілде – 33, орыс тілінде – 78 өтінім берілді.

ҮЕҰ үшін мемлекеттік гранттарды беру конкурсына қатысуға 89 өтінім конкурстың соңғы күні берілді.

«Орталық жұмысының үлкен жетістігі – қазақтілді өтінімдердің айтарлықтай өсуі. Егер ақпан айында өтінімдердің тек 16 %-ы қазақтілді ҮЕҰ-дан болса, қазір – әрбір үштен бірі мемлекеттік тілде. Демек, біз дұрыс бағытты таңдадық»,  деді Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Басқарма төрайымы Лима Диас.

Қазіргі уақытта Орталық өтінімдерді гранттар беру және олардың іске асырылуына бақылау қағидаларында және бекітілген гранттар жоспарына көзделген талаптарға сәйкестігін қарастырып жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<