«Үйдегі асхананың чемпионы»: Kalifarniya әйеліне су жаңа көлік сыйлады

199

0

Фото: Видеодан скриншот

Жастар арасында танымал болған Кalifarniya есімімен танылған Фархат Қалиев жұбайы Әнелге темір тұлпар сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі су жаңа көйлікті әйеліне тосынсый етіп берді.

«Бүгін керемет күн болғалы тұр. Париж Олимпиадасының чемпиондарына көлік мінгізіп жатыр ғой. Мен де қалыс қалмайын деп үйімнің асханасындағы чемпион әйеліме көлік сыйлағалы тұрмын. Ол ештеңе білмейді. Қазір ғана шақырдым. Реакциясын бірге көрейік», – деді әнші.

Күйеуінен мұндай қымбат сыйлық күтпеген Әнел қуанғанын жасыра алмады.

«Сен де чемпионсың, жүрек», – деп жазды өнер иесі.

Еске салайық, эстрада жұлдызы қазақтың салт-дәстүрін қатты ұстанып, келіншегінің сәлем салатынын айтқан болатын.

«Біздің үйде қыспақ жоқ. Ата-анама таңертең тұрып сәлем салады, шай қойып береді. Одан басқа ештеңе жоқ. Әке-шешем «аман-есен жүре беріңдер» дейді. Өзі бәрін біледі. Қыз бен жігіт болып жүргенде қатты қызғанатын едім. Бір үйде тұрмағасын да кіммен жүр екен деп ойлай беретін едім. Қазір үйде отырғанын қаламаймын. Биін жалғастыра берсе екен деймін. Өзім де оған түрлі сахналық жобаларды ұсынып отырамын. Ол да – өнер адамы. Оның өнерін тұншықтыра алмаймын», – деген еді әнші.

Бұған дейін Kalifarniya тойына 200 мың теңге ғана жұмсағанын жазған едік.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<