«Үйден қуып шықты»: Танымал актриса қарттар үйін паналап жүр

707

0

Сурет:qazaq.airan

Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында бірнеше жыл бойы өнер көрсеткен актриса Айымторы Тайғаринова зейнетке шыққаннан кейін баспанасыз қалған. Актриса бұл туралы «Qazaq Airan» жобасына берген сұхбатында айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Айымторы Тайғаринова 86 жаста, 7 жылдан бері қарттар үйінде тұрады.

«Үйімізді алып қойды. Содан жалғыз өзім далада қалдым. Күйеуім қатты ауырып қалғанда үйімізге ақы төлеп тұратын адам алдық. Сөйтсек ол адвокат екен. Бізге ай сайын 30 мың теңгеден төлейтін. Екеуміз отырып құжат толтырдық, мен одан не жазу керегін сұрадым. Содан ол пәтер ақысы ретінде айына қанша алып ортырғанымды жазуды сұрады. Сол құжаттан қолдан өзгертіп алған. 30 мың теңгенің артына нөлдерді қоса берген бе, білмеймін. Қалай мұндай күйге түскенімізді де түсіне алмаймын. Ақыр соңы ол өзін сол үйді сатып алғандай, мені сол үйді оған сатқандай қылып шығарды. Шалым қайтыс болғаннан кейін үйсіз-күйсіз қалдым, үйден қуып шықты», – деді актриса.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<