Үйінің балконы арқылы шығып кеткен 3 жасар бала табылды

510

0

Ақтөбеде балкон арқылы үйден шығып кеткен 3 жасар бала табылды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

19 қыркүйек күні сағат 14.00-де Сәтпаев көшесінің тұрғынынан 3 жасар ұлының жоғалғаны туралы хабарлама түскен.

Әйел дүкенге барып келгенше, бала балкон арқылы көшеге шығып кеткенін мәлімдеді.

Патрульдік полиция батальонының жасағы 20 минуттің ішінде баланы Сәтпаев көшесі мен Сәңкібай батыр көшесінің қиылысынан тапты. Ұлымен аман-есен қауышқан ана полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<