Топ-баннер2

«Үйленуден жалықпайды екен»: Әбілмансұр Серіков үшінші рет шаңырақ көтерді (ФОТО)

32

0

Фото: instagram.com/gmaksatovnaa

Танымал актер Мансұр Серіков сүйіктісімен некесін қиды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Актердің таңдауы – актриса Гулия Узакбаева.

Актриса әлеуметтік желідегі парақшасында мұсылманша неке қию рәсімінен үзінді жариялап, қуанышты жаңалығын бөлісті.

«Өмірімнің жаңа парағы», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары бұл жаңалыққа әртүрлі пікір білдірді. Бірі жас жұбайларға бақыт тілесе, енді бірі сын пікірлер қалдырған.

«Мансұр әйелден жалықпайды екен», «Неге қыздарға сабақ болмайды?», «Жылтырағанның бәрі алтын емес» деген пікірлер де жазылды.