Үкімет азық-түлік секторында импортты алмастыруға болатын сегменттерді айқындады

6

0

Фото: ҚР Сауда министрлігі

Азық-түлік секторында импортты алмастыруға болатын сегменттерді айқындалды. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты.

Ішкі нарықты отандық тауарлармен жүйелі түрде қамтамасыз ету үшін «Инвестицияларға тапсырыс» бағдарламасы іске асырылуда. Бүгінде инфляциялық қысымның негізгі себептерінің бірі – тұтыну және тұтыну емес сегменттерде отандық өндірістегі бірқатар базалық тауарлардың тапшылығы. Осыған байланысты салалық министрліктер импортты алмастыруға болатын сегменттерді айқындап, ішкі нарықты отандық тауарлармен толықтыру мүмкіндіктерін анықтауда.

Ал «Бәйтерек» холдингі «Инвестицияларға тапсырыс» аясында инвестициялық жобалар пулын қалыптастыру үшін кешенді due diligence жүргізеді. Бұл жұмыс тұрақты негізде жүргізілетін болады. Біздің мақсат – ішкі нарықты отандық өндіріс тауарларымен қамтамасыз ету және импортқа тәуелділікті төмендету, – деді вице-министр.

Оның мәліметінше, қазіргі уақытта азық-түлік секторында 12 бағыт және азық-түлікке жатпайтын секторда 24 бағыт айқындалды.

Азық-түлік бағыты агроөнеркәсіптік кешен мен азық-түлік қауіпсіздігінің негізгі сегменттерін қамтиды. Олардың қатарында ет, сүт, құс еті, астық, қант, жеміс-көкөніс және балық өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу, жылыжай кешендерін дамыту, көкөніс сақтау инфрақұрылымы мен ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу бар. Азық-түлікке жатпайтын сектор импорт үлесі жоғары тауарларды өндіруге бағытталған. Бұл – жеңіл өнеркәсіп өнімдері, құрылыс материалдары, тұрмыстық техника және тұрмыстық химия өндірісі. Бұл бастамалардың маңызды құрамдас бөлігі – ондаған миллиард доллар көлемінде ауқымды қаржыландыруды қамтамасыз ете алатын капиталдандырылған даму қаржы институттары,, – деді Серік Жұманғарин.