Үкімет мүшелері жаңа құрам жасақталғанша, өз міндеттерін атқара береді – Тоқаев

384

0

Үкімет мүшелері жаңа құрам жасақталғанша, өз міндеттерін атқара береді. Премьер-Министрдің міндетін атқару Әлихан Смайыловқа жүктелді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңесте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде инфляцияға жол бермеу атқарушы биліктің басты міндеттерінің бірі екенін, бірақ оның орындалмағанын айтты.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы бүгін ҚР Үкіметі туралы қаулыға қол қойды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылданды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<