«ҮЕҰ дерекқор базасына» есептік ақпарат ұсыну мерзімі өзгеріссіз 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 наурызға дейін жалғасатынын естеріңізге саламыз.
ҮЕҰ Дерекқорына мәлімет ұсыну мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.
ҮЕҰ Дерекқорында болу ұйымдарға ҮЕҰ-ның табысты жобаларымен танысуға, тәжірибе алмасуға, ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға мүмкіндік береді.
Мәліметтер ҮЕҰ өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру Қағидаларына сәйкес ұсынылады.
«ҮЕҰ дерекқор базасы» ақпараттық жүйесі (веб-сайт – infonpo.gov.kz) esep.govtec.kz жаңа цифрлық платформасына көшуде.
Жаңартылған платформа бойынша әдістемелік нұсқаулықпен мына келесі сілтеме бойынша – https://esep.govtec.kz/video.mp4 арқылы таныса аласыздар.
2025 жылы еліміздің үкіметтік емес ұйымдары 2024 жылдың есебін ескі www.infonpo.gov.kz платформасына кіру арқылы автоматты түрде жаңартылған порталда ақпарат ұсынатын болады.





