Құрамында Президент Әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кіріскен. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. «Республикалық оперативтік штаб тұрақты негізде жұмыс істеп жатыр. Комиссияға еліміздегі тұрақтылықты сақтай отырып, туындаған мәселе бойынша өзара тиімді шешім шығару жүктелді» деген Мемлекет басшысының twitter желісіндегі жазбасын бөліскен.
Айта кету керек, Жаңаөзен тұрғындары газ бағасын талап етіп көтерліске шықты. Билік демонстранттарды диалогқа шақырды.
«СБ ақпарат»
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<