Үлгілі отбасы: Облыстық перинаталдық орталығында отбасылы дәрігерлер қызмет етеді

1208

0

Отбасы болу, саналы ұрпақ тәрбиелеу үлкен жауапкершілікті талап ететін іс. Қоғамның жақсы болып қалыптасуы жанұяның әрбір мүшесіне байланысты. Бүгінде әр салада бірге қызмет жасап, еліміздің дамуына елеулі үлес қосып жатқан жандар аз емес.

Сондай отбасылардың бірі – Облыстық перинаталдық орталығын қызмет ететін Өтебековтар жанұясы. Отағасы – Өтебек Дәулет Полатбекұлы 2011-2018 жылдар аралығында Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінің жалпы медицина факультетін бітірген. 2018-2020 жылдар С. Ж. Асфендияров атындағы ҚҰМУ «Неонатология» мамандығы бойынша резидентураны бітірген. Жары – Әбіларысова Ақтолқын Бекмағанбетқызы М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медициналық университетінің түлегі. Ерлі-зайыптылар нәрестелер жансақтау бөлімінде неонатолог дәрігер қызметін атқарады.

Сыйластықпен ғұмыр кешіп, тату-тәтті өмір сүріп жатқан Өтебековтер отбасы ұжымға да сыйлы абыройлы, аналардың да алғысына бөленген. Жас отбасына денсаулық, бақыт, байлық және жұмыстарына тек сәттілік тілейміз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<