Үндістанның шығысында дауыл кезінде найзағай соғып, кем дегенде 33 адам қаза тапты, тағы ондаған адам жарақат алды, деп хабарлайды Hindustan Times.
– Бихар штатындағы өлім-жітімге сәрсенбіден бейсенбіге дейін соққан қатты дауыл себеп болды, – делінген штаттың төтенше жағдайларды басқару департаменті мәлімдемесінде.
Қаза тапқандардың көпшілігі – далада жүрген фермерлер мен жұмысшылар.
Штаттың кей жерлерінде әлі де жаңбыр жауып, найзағай ойнайтыны хабарланды.
Үндістан үкіметі найзағайдан қаза тапқандардың отбасыларына 400 000 рупий (шамамен 4 600 доллар) өтемақы төлейтінін жариялады.
Мәліметтерге сәйкес, бұл елде 2024 жылы найзағайдан кем дегенде 243 адам, ал 2023 жылы 275 адам қайтыс болған.
Үндістанның шығыс бөліктері, соның ішінде Бихар, жыл сайын су тасқынынан зардап шегеді, ол ондаған адамның өмірін қиып, жүз мыңдаған адам муссон маусымы кезінде үйлерін тастап кетуге мәжбүр болады.
Бұған дейін Үндістанда көпір опырылып, 9 адам қаза тапқаны хабарланған болатын.






