Үндістанда жолаушылар автобусы өртеніп, 25 адам қаза тапты

356

0

Фото: «Анадолы» агенттігі

Үндістанда жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, өртенді. 25 адам қаза тапты. Оқиға Махараштра штатының Булдана ауданында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.

«Анадолы» агенттігіне жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, болжам бойынша, автобус жүргізушісі көлікті игере алмай кеткен.

Салдарынан 33 жолаушымен бірге қоршауға соғысып, өрт тұтанған.

25 адам мерт болды, жарақат алған 8 жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаның жап-жапсарын тергеу басталды.