Үрмелі аспапта орындаушылардың облыстық конкурсы өтті

526

0

Қармақшы топырағы талай таланттарды түлеткен, ұл-қызы ұлағатын жыр еткен қасиетті топырақ, тұғырлы мекен.

Өміршең өнерді жанына серік етіп, ел есінде жарқын істерімен, өнегелі өнерімен қалатын, уақыт өткен сайын биіктей беретін тұлғалар осы өлкеде өте көп.

Бүгін осы ретте Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Қасиетті Қармақшы елінің тума таланты, ауданымыздың өнер саласына ерекше еңбегі сіңген Абдулла Мырзабековты еске алуға арналған «Өнер – өміршең» атты үрлемелі аспапта орындаушылардың облыстық конкурсы өтті.

Аталмыш шараға аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлы қатысып,

Абдулла Ерділдаұлының өмірі мен шығармашылығынан алғы сөз айтып, байқауға келген жас қатысушы талапкерлерге сәттілік тіледі.

Мазмұнды шараның маңыздылығы, музыка саласындағы дарынды және талантты кәсіби музыка мамандарының шығармашылығына ықпал ету, олардың ары қарай дамуы мен шыңдалуына жол ашу болатын.

Киелі өнеріміздің дамуында өзіндік ізі бар талант иесі Абдулла Ерділдаұлын дәріптеу арқылы өнер әлемінің биігіне қанат қаққан жас таланттардың орындаушылық шеберліктерін арттыру еді.

Бағы мен бабын сынай келген конкурсқа қатысушы талапкерлер өнер көрсетіп, кеш көркін қыздырды.

Сондай-ақ, таланты мен тәнті етіп орындаушылық шеберлігімен топ жарған жас өнерпаздар марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.