Үш айдан кейін Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қайта қаржыландырылады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бұл қаражат револьверлік жүйеде (жаңартылатын несие – ред.) айналып отырады және қайта қаржыландырылады. Ол үш айдан кейін басталады», – деді Роман Скляр Үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында.
Бұған дейін Роман Скляр утиль алымынан бас тарту туралы сұрақтарға жауап беріп, «Мүмкін емес ештеңе жоқ» деген еді. 14 мамырда ӨКМ операторының қаражаты автонесие мен әлеуметтік жобаларға жіберілді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<