Үшемдер дүниеге келді

490

0

Қошқарбаевтар әулетінде үлкен қуаныш, дүбірлі той! 15 қыркүйек күні Облыстық перинаталдық орталығында қала тұрғыны, 30 жастағы Алтынай Байназарова үшем дүниеге әкелді. Жүктіліктің 34-аптасында дүниеге келген нәрестелер, биыл жарық дүниеге есігін ашқан екінші үшемдер.

Бұл Алтынай Байназарованың табиғи жолмен көтерген екінші босануы болатын. Шақалақтар 2180, 2090, 1390 грамм болып туылған. Үшеуі де қыз жынысты. Ата-әжелері немерелеріне Әмина, Медина, Ясина деген есімдер берді.

Отағасы Сағындық Култаев пен Алтынай Байназарованың отбасында үшемнен бөлек Рахымжан есімді 4 жастағы ұлы бар. Сағындық қаржы саласында банк қызметкері болып жұмыс істейді.

Үшемдер дүниеге келді

Шақалақтар 1 ай бойы перинаталдық орталықтың нәрестелер жансақтау, нәрестелер патологиясы бөлімшесінде ем қабылдап, жағдайлары тұрақталып, анасымен бірге бүгін үйге шығарылды.

«Ана мен бала орталығының босандыру бөлімшесіне, операция жасайтын және емдеуші дәрігерлеріне зор алғысымды білдіремін. Осындай орталықтарда қолайлы жағдай жасағандары, заманауи жабдықтардың болуы, білікті мамандардың жоғары кәсібилігі үшін рахмет. Сіздердің арқаңызда біздің сәбилер толыққанды өмір сүру мүмкіндігін иеленуде», – деп анасы алғысын білдірді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Мирзанова Мая Миранбайқызы облыстық перинаталдық орталығында дүниеге үшемдер әкелген ананы құттықтады.

Жыл басынан бері Облыстық перинаталдық орталығында 8339 нәресте дүниеге келсе, соның ішінде 120 егіз, үшемдер – 2.

Дүниеге үшем келіп, өрісі кеңейген отбасының қуанышы ұзағынан болсын! Үшемдер ұлтымыздың бетке ұстар тұлғаларына айналуына тілекшіміз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<