Еліміздің басым бөлігіне атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етіп, жаңбыр жауады, деп хабарлады Қазақпарат.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, шығыста, түнде Қарағанды облысында, Абай, Жетісу облыстарында жауын-шашын, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Республика бойынша жел күшейіп, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыста бұршақ жауады. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады, солтүстік-батыста тұман түседі.
Қарағанды облысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, батыста, солтүстікте, Абай облысында 1-3 градус үсік жүреді.
Маңғыстаудың басым бөлігінде, Атыраудың шығысында, батысында, оңтүстігінде, Қызылорданың орталығында, Түркістанның солтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі бар.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<