Үстел теннисінен БАҚ өкілдері арасындағы үздіктер анықталды

331

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Үстел теннисінен «Абзал және К» жүлдесіне арналған БАҚ өкілдері арасындағы турнир өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Syrboyi.kz.

Тартысқа толы бәсекенің қорытындысы бойынша І орын – Жаңақорған кенті әкімдігінің баспасөз хатшысы Берік Атақожаев, ІІ орын – «Қоғам тв» телеарнасының ІТ маманы Дәулет Садықов, ІІІ орын – «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі Әділбек Жахановқа бұйырды.

«Көрермен көзайымы» номинациясымен – «Кызылординские вести« газетінің бас редакторы Ботагөз Ажарбаева, «Үздік ойыншы» номинациясымен – «Ақмешіт жастары» газетінің тілшісі Аружан Оралбай марапатталды.

Үстел теннисінен БАҚ өкілдері арасындағы үздіктер анықталды