Дәстүрлі тамыз кеңесінде білім беру ұйымдары арасында өткен конкурс нәтижесінде ауыл мектебіне 34 миллион теңгенің сертификаты бұйырды.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жеңімпаз атанған Арал қаласындағы Ұ.Қараманов атындағы №262 мектеп – гимназиясының директоры Руслан Сисеновке арнайы грантты салтанатты түрде табыстады.
Бұл мектеп республикалық «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында 1200 орындық оқушыға арнап салынып, 2009 жылы пайдалануға берілген.
Білім ордасы серіктес мектеп ретінде қарамағында аудандағы 15 мектеппен өзара ынтымақтастық орнатқан облыстағы инновациялық үлгідегі мектептердің бірі.
Айта кетейік, өткен жылдан бері үздік ұйымға берілетін қаржы екі есеге ұлғайды. Бұған дейін өңірде 1 мектеп 34 миллион, 7 мектеп 17 миллион теңгенің сертификатын иеленген.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<