Ұлттық банк Қазақстан халқына үндеу жолдады

365

0

Сурет: Zakon.kz

ҚР Ұлттық банкі (ҚҰБ) ескі банкноттар мен бүлінген монеталарды айырбастау ережесін еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) тозған банкноталар мен зақымдалған монеталар заңды төлем құралы болып қала беретінін ескертеді. Оларды екінші деңгейлі барлық банкте (бұдан әрі – ЕДБ), ҚҰБ филиалдарында және ұлттық пошта операторы «Қазпошта» АҚ-да номиналды құнына сай айырбастауға болады», – делінген хабарламада.

Ұлттық валютаның зақымдалған төлем ақша белгілері ҚҰБ филиалдарында тегін айырбасталады және сомасына шектеу қойылмайды.

«Дегенмен екінші деңгейлі банктер өздерінің ішкі нормативтік құжатына сай, қызметтің бұл түріне комиссия ұстауға құқылы екенін ескертеміз», – делінген Ұлттық банкі ұсынған мәліметтерді.

ҚҰБ филиалдарының мекен-жайы мен байланыс деректерін ресми сайтта «Аумақтық филиалдар» бөлімінен табуға болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<